Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Енді неке қиюға өтінішті мобильді қосымша арқылы беруге болады

Атап өтерлік жайт, “iMuslim” қосымшасында “Имамды шақыру” қызметі бар. Имамның көмегіне жүгіну опциясы арқылы астаналықтар діни қызметкерді балаға ат қою үшін және құдайы аста құран бағыштау үшін шақыра алады. Ол үшін қолданушылар қосымшадағы өтінішті толтырып жіберу керек.

Азаматтар үшін тағы бір ыңғайлы жағы, “Astana iMuslim” мобильді қосымшасымен “Неке қиюға өтініш беру” мүмкіндігі қарастырылған. Қала мешіттерінде неке қию рәсімінің тәртібі түсіндіріліп, қажетті құжаттар тізімі көрсетілген. Ол үшін міндетті түрде жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі және Неке қию туралы куәліктің көшірмесі немесе АХАЖ бөліміне неке куәлігін алуға тапсырыс бергендігін растайтын анықтама қағазы болуы шарт. Отбасын құруға кез келген ниет білдіруші құжаттардың электронды нұсқасын қолма-қол жіберіп, неке қиюдың күні мен уақытына тапсырыс бере алады.

Айта кету керек, бұл тәжірибе бүгінде кеңінен қолданылып жатыр. Әзірге қосымша арқылы астаналықтардан “Нұр Астана” орталық мешітінде неке қиюға өтініштер түсіпті.

Мұсылмандардың Астанадағы жолсерігі ретінде әзірленген қосымшаны қазақ, орыс, ағылшын тілінде пайдалануға мүмкіндік бар. Бүгінде оны Android,  iOS операциялық жүйесінен мыңнан аса адам жүктеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз