Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Енді не болады?..”. Ақтөбеде өртенген автобустың иесі ауруханаға түсіп қалды

Ал Оңтүстік Қазақстан облысы Жібек жолы ауылы маңында орналасқан көлік базасындағылар автобус иесінің жолаушыларды өз бетінше тасымалдап жүргенін айтты.

“Біз жолаушылар тасымалымен айналыспаймыз және жолаушылар үшін жауап бермейміз. Автобус иесі мұнымен өзі айналысты.

Жүргізушіде жолаушыларды тасымалдауға рұқсат беретін лицензия болмаған. Автобус бізге бос күйде келді.

Жүргізушілерді дәрігерлер тексеріп шықты, ал механик көлікті қарап шықты. Механик автобустың құжаттарын емес, оның технкиалық жағдайын тексереді. Техникалық құжаттарды полицейлер мен тасымалдаушының өзі тексеріп шығуы керек. Бұл жағдайда мұны автобус иесі істеу керек еді”, – деді көлік базасындағылар.

Еске сала кетелік, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара — Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз