Намаз оқу – мұсылман парызы. Мұны әр мұсылманның білері хақ.
“Ішетін” жігіттерге қарағанда, қыздардың көпшілігі намазхан жігіттерге сеніп жатады. “Хиджаб кигеннің барлығы иманды емес” деген қауесет шығып еді, ал намаз оқитын жігіттердің барлығы иманына берік па? Инстаграм желісіндегі Үшбухат парақшасына жарияланған бір қыздың тағдырына көз салсақ, жоғарыдағы сауал үлкен сұрақ белгісі болып қалатын сияқты.
Түнгі клубтан қалмайтынмын
Мен студентпін. Осыдан 8 ай бұрын бір намазхан жігітпен танысқан едім. Өзім де бұрыннан, онымен таныспай жатып, бес уақыт намаз оқимын. Ұзақ уақыт сөйлескеннен соң, оған деген сезімім пайда бола бастады. Әлі де оны жанымнан артық жақсы көрем.
Онымен кездеспес бұрын туылған күндер, түнгі клубтағы отырыстардан қалмайтынмын.
Бірақ киген киімдерім ашық-шашық, қысқа болатын (намаз оқып жүрсем де).
Мен өзгердім
Ол мені қатты өзгертті. Хиджаб кигізгенімен қоймай, енді ешқандай сауық кештерге жібермейтін болды. Оразадан кейін үйленеміз деп жүрген едік, ең сорақысы –
үйленбей жатып жақындасып қойдық.
Осы жағдайдан соң ара-қатынасымызды үзуге тура келді. Ол мені әйел қылып алам деп үйіндегілерге таныстырып қойған болатын. Анасы да жақсы адам. Қанша ұрысысып, жанжалдассақ та ортамызға түсіп, басу айтып отырды. Бірақ, көпшілігінде өзім кешірім сұрап жүрдім. Ол басқа қалада, мен басқа қалада тұрамыз.
Соңғы ұрсысқанымызда да мен оның жұмыс орнына барып, жалынып кешірім сұрадым. Сол кезде бәрі жақсы болған еді. Барлығын жаңадан бастаймыз деп серттескен едік.
Алайда өткеннің барлығын бетіме басып, жабулы жараның бетін қайта-қайта тырнай беретін болды. Хиджабты енді киіп бастағанымда бір дос қызымның туған күніне шешіп тастап барғанмын. Оған осы қылығымды жасырып қалып,
алдап едім, бірақ өзім мойындадым.
Ол кешірді. Бірақ, кешірді деген аты болмаса, өткенді қозғап, жабулы қазанның бетін аша беруін доғарған жоқ.
Есімнен адасатын болдым
Егер осы қылығы жалғаса беретін болса, шаңырақ көтерген соң мұнысына қалай шыдамақпын? Сан түрлі ойлар маза бермейтін болды. Ең сорақысы – болған жайтпен ешкіммен бөлісе де алмаймын. Қай бетіммен, кімге нені айтпақпын?
Негізі бұған қиналмас та едім, алайда біз жақындасып қойдық. Енді қыз емеспін. Соған өкінемін. Кейін “тұрмысқа қалай шығам” деген уайым болды.
Қыз болмай, келін атансам, болашақ күйеуім бетіме басып өтетін шығар. Басыма неше-түрлі жаман ой келе береді.
Болды, бітті, өзіме қол жұмсаймын
деп бекінгенде, соңғы сәтте құрбым құтқарып қалды. Енді екі көзімнен сорам ағып отыр. Айырылысқанымызға көп уақыт өтпесе де, есімнен адасатын шаққа жеттім. Шарасыздың күйін кешудемін.
Тұрмысқа шықпайтын болып шештім.
Басқа амал бар ма?
https://kaz.365info.kz/zhigitim-ote-khyzganshakh-ne-istesem-eken-280630