Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Енді мен Иранмен доспын!”. Астана процесінде Асадтың жоспары белгілі болды

Астанада өткен жиын Сирия үкіметі мен осы үкіметке қарсы шығып жатқан оппозициялық топтардың пікір алмасуына жол ашты.

Осы туралы ресми құжатта: “Келіссөздерге “жан бітіретін” өткір қажеттілік туып тұр”. Астана процесін Женева жалғастырып әкетпек. БҰҰ-ның мұрындық болуымен 8 ақпанда өтетін келіссөздерге Сирия оппозициясының өкілдері қатысуы қажет” делінген.

Үштікті Путин басқара ма? 

Екі тарапты бұдан бұрын Обама өзі бар, әкімшілігі бар татуластырмақ болған. Қолынан келмеді. Обаманың бастамасын Путин іліп әкетті. Іліп әкетпес бұрын алдымен Алепподағы оппозиция күштерін тықсырып шықты. Дегенмен, оқ атпауды, от шашпауды Путин де тоқтата алмай отыр. Бұған Дамаскідегі қақтығыстар дәлел.

Ендігі жерде Ресей осы мәселені шешу үшін Түркия және Иранмен бірігеді. Бірақ, бұл да күмәнді. Астанадағы келіссөздерге келген оппозициялық топтар Сирия үкіметінің өкілдерімен бетпе-бет отырып сөйлесуден бас тартты. Олар келіссөздерді делдалдар арқылы жүргізгенді жөн көрді.

Ал керек болса!

Астанадағы келіссөздерді бақылаған Батыстың дипломаты екі тарапты татуластыруға келгенде Иран кері тартуы мүмкін екенінен қауіптенеді.

Ал Мәскеудегі Карнеги орталығының сарапшысы Алексей Малашенко:

“Иран мен Ресейдің Сирияға қатысты мүддесі және көзқарасында айырмашылық бар. Екі тарап осы себепті де түсінісе алмай отыр. Тегеран Асадтың жеңіске жете түсуін қалайды, ал Мәскеу өзінің Сириядағы әскер санын мейлінше азайтпақ.

Мәселе мынада. Асад Путинге құлдық ұра бергісі жоқ. Иранға арқаланар болса, Ресейге деген тәуелділігі азаяды. Әрі қазіргіден де жойқын әскери күш қолданбақ ойы бар. Бірақ, бұл Кремльге керек емес. Путин Сириядағы соғысты саяси процестер есебінен шешпек” дейді ол.

Асадтың өзі кінәлі екен

Астанадағы келіссөздерде ағынан жарылған оппозиция өкілі Осама Әбу Саид осылай деді. “Біз келісімге келдік дейді. Бірақ, әлгі Асадтың әскері сөзінде тұрмайды. Оқ жаудырады. Бұл келісімді бұзған деген сөз. Сосын Путиннің Асадқа ескерту жасағаны аз. Оны елеп жатқан ол жоқ. Бұдан да қатаң шара қолдануы керек” дейді ол.

Ресей мен Иранның Асадтың билігін қолдайтыны бесенеден белгілі. Ердоғанның оппозицияның қарулы топтарына көмектесіп жатқаны  тағы жасырын емес. Бірақ, бұл жолы Түркия үлкен еңбек сіңірді. Құрамында 62 мың жауынгері бар 7 исламдық топ пен Дамаск үкіметін бір төбеге жинап бітімге келу туралы келіссөздерге мұрындық болды.  

Оппозиция Ресейді ұнатып отыр, бірақ Иран сынның астында қалды. Бұл ел Асадтың жағында соғысып жатқан “Хез-болла” Ливан тобын қаржыландырып отырғанға ұқсайды. Отқа май тамызып отырған да осы топ екен. 

АҚШ-тың Америкадағы елшісі жиынға бақылаушы ретінде қатысқаны болмаса бұл жолғы келіссөзден Америка сырт қалды. 

“Оны қойшы. Тараптардың соғысты тоқтатуына келгенде Иран мен Ресейдің тіл табысуы қиын болады. Иә, Кремль Асадты қысады. Ресейге тараптардың бітімге келгені керек. Бірақ, Иран мен Асад үшін бұл тиімді емес” дейді Карнеги орталығының сарапшысы Малашенко. 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз