Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Еңбек министрлігі қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын электрондық карта бойынша бақылап отырады

168
Сурет ашық дереккөздерден

Бүгін біз еліміздегі сандық технологияның жеткен жетістігіне тоқталамыз. Сонымен қатар, Еңбек министрлігі Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің басқарма басшысы Аяжан Жанғабылова оқушыларға атаулы көмекті жүзеге асыру туралы ақпаратпен бөлісті. Мақала соңында — бала күтімімен үйде отырған аналар үшін жағымды жаңалықтар.

Бүкіл ел көз алдыңда

— Президент Жолдауда оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету және олардың қоғамдық көлікте жүруін субсидиялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл туралы толығырақ білуге бола ма? Әңгіме оқушылардың ерекше санаттары жайлы ма, әлде еліміздің барлық оқушылары туралы болып отыр ма?

— Бізде қазір ЮНИСЕФ-пен отбасын сүйемелдеу бойынша бірлескен жоба жүріп жатыр. Ұсыныстар әзірленіп, халықаралық тәжірибе зерделенетін болады. Ең алдымен айта кететін тұс,

министрлік 18,5 млн азаматқа, яғни әрбір отбасына әлеуметтік карта жасады

Және бәрі интеграцияланған ақпараттық жүйелердің арқасында. 19 өлшемшарт бойынша автоматты режимде біз отбасының әл-ауқатын көре аламыз.

— Тіпті қонаққа келмей ме?

— Иә. Отбасы жағдайы индикаторының 5 деңгейі бар – “жақсыдан” “шұғылға” дейін. Және қандай да бір отбасының шұғыл жағдайының индикаторы жанған кезде жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мекен-жай бойынша барады. Не болғанын, отбасы неге мұқтаж екенін біледі. Яғни, біз отбасы жағдайы ең қиын деңгейге дейін түсіп кетуіне жол бермеу үшін алдын алу шараларын қабылдай аламыз.

— Яғни, егер адам жұмысынан айырылып, зейнетақы жинағы түспей жатқан болса, сіз мұны көресіз?

— Иә! Немесе, мысалы, адам бас бостандығынан айыру орындарынан шықты делік. Бізге ақпарат келіп түседі — біз оның әлеуметтік бейімделуі мен жұмыспен қамтылуы, отбасына көмек көрсету үшін әрекет ете аламыз. Бұл жүйені әлі жетілдіріп жатырмыз. Әрине, терең талдау жергілікті жүріп жатыр.

Оның ішінде егер балалар мектепке баруды тоқтатқан болса немесе оларды емханаға бекітпеген жағдай болса жүйе белгі береді

Бағалау әр түрлі сипаттағы 19 критерий бойынша жүргізіледі.

Мектептегі тамақтануды субсидиялау

— Жолдаудан ұқпағаным, тегін ыстық тамақ пен жолақы барлық оқушылар үшін қолжетімді бола ма, әлде аз қамтылған отбасылар үшін жоспарланып отыр ма?

— Мұндай көмек жергілікті деңгейде мәслихаттардың шешімі бойынша ұсынылады. Онда қандай санаттағы қандай мөлшерде көмек көрсететінін анықтайды. Бұл үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді. Әр өңірде сома қаржылық мүмкіндіктерге байланысты. Бірақ анығы,

бүгінде 1-ден 4-ші сыныпқа дейін аз қамтылған оқушылар үшін тегін тамақ барлық өңірде бар

Әрбір облыста ондаған аудан барын ұмытпауымыз керек және аудандық мәслихаттар осындай шешімдерде дербес.

Сондықтан оқушыларға ыстық тамақ пен қоғамдық көлікте жол жүруін субсидиялау бар. Мектеп формасымен және керек-жарақтармен қамтамасыз ету “Жалпыға міндетті оқу қоры” бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Мектептерге қаржыландыру бөлінгенде, осы қаражаттың 1%-ы “Жалпыға міндетті оқу қоры” үшін қарастырылған. Аз қамтылған азаматтарға кейін көмек көрсетіледі.

Бірақ, 17 аймақтың тағы бірнеше аудандары бар болғандықтан, жағдай әр ауданның қалтасына байланысты. Аудан бай болған сайын, оның мүмкіндіктері көп және мұқтаждар азая түседі.

Президент Жолдауында айтылғандай, бұл кепілдендірілген әлеуметтік бірыңғай пакет. Ол әлеуметтік теңгерімсіздікті жояды,

Қазақстанның барлық аз қамтылған отбасыларының балалары бірдей құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болады

Сол арқылы мемлекет әлеуметтік жағынан осал азаматтарға қайта қолдау көрсетіп, баланы асырап-бағу шығындарының бір бөлігін өзіне алады.

Мәселе пысықталуда, нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілетін болады. Әрине, бұл ҚР БҒМ, Денсаулық сақтау министрлігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс.

7 жасқа дейін “декрет”

– 2019 жылдың ақпан айында бұрынғы Еңбек министрі Министрліктің бала күтіміне байланысты ақылы демалысты 1 жастан 2 жасқа дейін ұзартуды қайта қарауға дайын екендігін айтты. Мұндай жұмыс жүргізіліп жатыр ма?

– Мәселе өзекті, ол кулуарда қарастырылады. Бірақ қазір бізде мұндай саяси шешім бар деп айтуға болмайды.

Егер әйел баланы 7 жасқа дейін өзі үйде тәрбиелесе және табысы мүлде болмаса, ол өзіне және балаға АӘК алуға өтініш білдіре алады

Басты критерий — табыстың болмауы. Мұндай жағдайда әлеуметтік келісімшарт жасалмайды, ал көмек шартсыз 6 айға көрсетіледі. Алушыдан ештеңе сұрамайды, оны ешкім де тексермейді. Мұндай көмек жалғыз басты аналарға ғана қолданылатынын есте сақтау маңызды. Егер әйелдің күйеуі бар болса, онда 1 жастан асқан соң бала мен әйелін асырау ауыртпалығы оның иығына жүктеледі.

Жалпы, Президент Жолдауынан кейін біз атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін қайта қарайтын боламыз. Табысты жасыру, қасақана жұмыстан шығу және қолайсыз жағдайларға көшу, жалған ажырасу және т.б. қайталанғанын болдырмау қажет.

Қоғамда әлеуметтік масылдықты төмендету үшін тетіктерді қатаңдататын боламыз

Себебі бұл мәдениетке да, балалардың тәрбиесіне де әсер етеді. Экономикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, тетіктерді қайта қараймыз, есептеулер жүргіземіз. Мұндай шешімдерді біз жеке-дара қабылдамаймыз. Алда Қаржы министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі және Парламенттің қорытындылары бар. Кейін Президент өзі шешім жасайды. Жаңа 2020 жылға біз жаңа тетіктермен және тәсілдермен кіреміз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз