Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Еңбек демалысында болыпты”. АҚШ-та “қашып кетті” деген дәрігер елге оралды

Нұрбол Данияров Алматыдағы перзентханалардың бірінде туу алдындағы диагностиканың дәрігері болып жұмыс істейді. Сондай-ақ, қазақстандық

 

дәрігер әлеуметтік желілерде АҚШ-та оның “қашып кетуіне” қатысты мәліметті жоққа шығаруға дайындалып жатқанын айтып өтті.

“Қазіргі уақытта біз заңгермен менің ар-намысымды қорғау жайлы ақылдасып жатырмыз. Әріптестерім мені жақсы біледі, олар менің “қашып кеткім келгені” жайлы мәліметке сенбейді. Ешкім сенбейді. Аурухана басшылығы тарапынан да маған ешқандай сөздер айтылған жоқ”, – деді Данияров.

Еске сала кетейік, осыған дейін АҚШ-та жоғалған қазақстандық дәрігер “қашып кетуінің” себебін айтып берген болатын.

“Мен қашқан жоқпын, мен ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін. АҚШ-қа келе салысымен барлық ақшаны атқарушы директорға бердім. Біз тіпті ол компаниямен еңбек шартына отырмағанбыз. Олардың маған деген қарым-қатынасы мүлде ұнамады. Осында келгенге дейін басқа дүние, ал келген соң басқа дүниелер айтылды. Сенбеңіздер, мен ешкімді алдаған жоқпын, елімді, Отанымды алдаған жоқпын”, – деген еді Данияров. Ал кейінірек дәрігердің Қазақстанға наурыздан қалмай оралатыны жайлы хабарланған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз