Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ең төменгі зейнетақы көлемі 45 711 теңге болады – министр

Бірінші кезеңде, яғни, 2017 жылғы бірінші қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақылар мөлшері 9 процентке, базалық зейнетақы 7 процентке артты. Ал екінші кезеңде, 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері қосымша 11 процентке, ал базалық зейнетақы мөлшері 13 процентке көбейтілгелі отыр

, — деді Дүйсенова Мәжілістің жалпы отырысында.

Нәтижесінде 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап зейнетақыны 2016 жылғы зейнетақы мөлшерімен салыстырғанда 20 пайызға арттыру қамтамасыз етілмек. Яғни,

ең төменгі зейнетақы 45 711 теңге, орташа зейнетақы 66 676 теңгеге дейін арттырылатын болады.

Бұл өсім барлық екі миллионнан астам зейнеткерлерді қамтиды.

“Сонымен қатар, 2017 жылғы бірінші шілдеден бастап зейнетақы тағайындау үшін есепке алынатын табыстың ең жоғары мөлшерін 41 айлық есептік көрсеткіштен 46 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру көзделген. Бұл 2017 жылдың бірінші жартысында тағайындалған зейнетақылардың 11 пайызға арту есебімен осы жылдың екінші жартысында тағайындалатын зейнетақылар мөлшерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін қаралып отыр”, — деді ол.

Зейнетақыны арттырудың үшінші кезеңі 2018 жылғы бірінші шілдеден бастап жүргізілетін болады. Бұл базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесінің өзгеруімен байланысты.

“Бүгінгі таңда базалық зейнетақы зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға бірдей мөлшерде тағайындалады. Жаңа әдістемеге сәйкес бұл зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болғалы отыр. Бұл ретте 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне аударылатын зейнетақы жинақтарының мерзімі ескеріледі. Базалық зейнетақы барлық зейнеткерлер үшін олардың зейнетақы құжаттарындағы 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне қарай есептелінетін болады. Бұл орайда айта кететін жайт, зейнеткерлерге еңбек өтілі туралы қосымша құжаттардың ұсынуы қажет болмайды. Сонымен бірге қатысу өтіліне жинақтаушы зейнетақы жүйесіне аударымдар жасаған кезең де кіреді. Бұл жағдайда қосымша анықтамалар талап етілмейді”, — деді Тамара Дүйсенова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз