Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
9
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Емші бала Ербосынға қаралған түркістандық жігіт үш айдан соң көз жұмған

409

«Дәрігерлер ағама «ішегінде қатерлі ісік бар» деген диагноз қойды. Бірақ олар бүгін-ертең өледі деп айтпаған болатын. Осы уақытқа дейін ауруханадан тұрақты түрде емін алып, өз аяғымен жүрген болатын.

Кімнен естігені белгісіз «Ербосын деген балаға барамын. Небір ауруды жазып жібереді екен» деп былтыр аптаған ыстықта жолға шығып кетті. Сол бойы ауруханадағы емі де үзілді. Келген соң, “дәрігерге көрінсеңші” деп едік, “мен жазылып кеттім” деп, ем қабылдамай қойды. Артынша, жағдайы нашарлап, үш айдан соң көз жұмды. Төсек тартып қалған кезінде ауруханаға апарсақ, дәрі қабылдамағаннан ісігі асқынып кетіпті»,- дейді хат иесі.

Осы орайда, журналистер елге емшілігімен танымал болған жеткіншектің, шын мәнінде, кім екенін білу үшін кәсіби проффайлинг (адамның сөзімен, іс-қимылына қарап, мінездеме беретін маман) сарапшының көмегіне жүгінген.

“Мен осы азаматтардың опығы басқа отандастарымызға сабақ болса екен деймін. Себебі, соқыр сенімге еріп, бірі — мүгедек, бірі – қайтыс болды. Күн сайын бала емшіге, орта есеппен, 200 адам барады екен. Ал, олардың нешеуі жазылды, нешеуі өлді, біліп жатқан ешкім жоқ. Құзырлы орган тарапынан бұларға неге тексеріс жоқ екеніне мен таң қалам. Заң бойынша тыйым салу керек мұндай емшілерге. Бұл деген барып тұрған қылмыс қой. Шын мәнінде, емші бала Ербосын – қоғамға өте қауіпті адам» , — деді проффайлинг.

Сөз арасында сарапшы, жас емшінің танымал болып, жұртты өзіне үйіретіне тілшілерді де кінәлады.

«Емші бала шыққан уақытта еліміздегі барлық БАҚ ол туралы жарыса жазды. Жалпы, журналистер «мен осы азамат туралы жазып отырып, басқа адамның өміріне қауіп төндірмедім бе?» – деген жауапкершілікті ұмытпаулары қажет. Тілшілердің мақаласына сенген жұрттың бәрі сол балаға ағылды. Қайтсін енді, халық үшін, әйтеуір, бір нәрсеге сену керек. Ауру қысқан кезде, тіпті, бұл сенім деген нәрсе шарықтап кетеді. Ал, Ербосынның қамшысынан таяқ жеген соң, жазылып кеттім дегендер туралы айтар болсам. Ол ауру онсыз да жазылатын еді. Тек ішкі сенім жетіспеген ол азаматқа», — деді Жанна Нұрсеитова.

Ербосынның есейген кездегі видеосын көрген сарапшы оқушының қайтадан қарапайым өмірге, тура жолға түсе алмайтынын айтты. Себебі, ақша мен биліктің дәмін татқан оның бойында өкініш ұшқыны да жоқ екен. Баланың бейнесінен өтірік көп байқалады деген маман, «егер ол емшілікті тастаса, жақсы ұстаз болатын еді», – деген пікірін білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз