Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Эмиграция: қазақстандықтарды елден кетуге итермелейтін негізгі себептер — сарапшының пікірі

Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметтері бойынша, 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанға 4 595 адам келген, ал елден 14 192 адам кеткен. Осылайша, көші-қон сальдосы минус 9 597 адамды құрады. Сонымен қатар Қырғызстан – теріс сальдосы бар ЕАЭО-ның тағы бір елі болып есептеледі, онда — 1 318 адам (2 870 адам келген, 4 188 адам кеткен).

Ресейде, керісінше, көрсетілген кезеңде 114,2 мың адамға көші-қон өсімі болды. Жарты жыл ішінде елге 316,8 мың адам көшіп келді, 202,6 мың адам кетті.

Арменияда да оң нәтиже байқалады – 800 адам: келгендер 20,3 мың, кеткендер — 19,5 мың. ЕЭК Беларусь бойынша деректер бермегенін атап өткен жөн.

Неге адамдар отанын тастап кетіп жатыр?

Тарихшы Асылбек Бисенбаевтың пікірінше, Қазақстаннан кету ниетіне үкіметтің тіпті өз бағдарламаларын да жүзеге асыра алмайтын кәсіби еместігі әсер етеді. Теріс факторларға нақты әлеуметтік қорғаудың болмауы және саяси тұрақсыздық та жатады.

— Ал Ресейде өсім бар, өйткені онда Қазақстаннан, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан адамдар көшіп барады. Украина мен Беларусьтің аз пайызы Ресейге және негізгі көші-қон ағыны батысқа бағытталған.

Жалпы, тәуелсіздік алғаннан кейін, 90-шы жылдары Қазақстаннан 2,5 млн-ға жуық орыс тілді халық кетті. Олардың арасында орыстар ғана емес, немістер, украиндар, белорустар, қазақтар да болды

Сол кезеңде де елден көшу себебі қиын экономикалық және саяси жағдайға байланысты болды. Көбісі Ресейге жол тартты. Кеткендердің бір бөлігі Еуропалық Одақтың мүшесі болады деген үмітпен Калининградты таңдады, — дейді Бисенбаев.

Корона дағдарысынан кейін

— Егер соңғы бес жылдағы көші-қон бойынша деректерді қарайтын болсақ, коронавирустық пандемия кезінде жағдай белгісіз болғандықтан 2020 жылды есептемегенде, Қазақстан халқының елден көшіп кету деңгейінің өсіп келе жатқанын байқаймыз. Әрі қарай үрдіс жалғаса ма?

— Әрине, көшіп кету азаймайды. Корона дағдарысы адамдар үшін қоныс аударуға шешім қабылдау үшін қосымша фактор болды. Дамыған елдерде пандемия басталған кезде салықтарды, банктік пайыздық мөлшерлемелерді төмендетті. Германияда тіпті пандемияға дейін шағын және орта бизнесті дамыту үшін бес жылға пайызсыз несиелер берілді. Ал бізде – жылына 15%.

— Бірақ бізде 2022 жылы “Қарапайым заттар экономикасы” және “Бизнестің жол картасы” бағдарламаларын іске асыру арқылы бизнесті қолдауға 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінетін болды емес пе?

— Әдетте, ақша ірі компанияларды қолдау үшін бөлінеді. Ал шағын бизнеске қаражат жете қоймайды. Бір жыл бұрын үкімет екінші деңгейлі банктерді құтқару туралы шешім қабылдады. Бірақ шағын және орта бизнестің құлдырап бара жатқанын ескерсек, бұл ақылға қонатын дүние емес. Бұл жағдайды көрсеткіштерге қарап-ақ түсінуге болады.

90-шы жылдардың соңында Алматы бюджетінің 50-55%-ын шағын және орта бизнестен түсетін түсімдер құрайтын. Ал қазір бұл көрсеткіш 15-16% ғана.

Үкімет бұл санды 30%-ға дейін көтеруді міндеттеді. Соған қарамастан, министр бизнесті бақылауды қайта бастау керек дейді. Нәтижесінде ЖШС жаға ғана ашылса да, оны бірден тексеруді бастайды: кәсіпорын әлі табыс тауып бастамады, бірақ бәріне қарыз боп үлгерді.

Неліктен адамдар Ресейді таңдайды?

— Ал қазақстандықтардың басым бөлігі көшетін Ресейде жағдай бізден жақсырақ па? 

— Алдымен Қазақстан халқының ұлттық құрамы қалай қалыптасқанын еске түсірейік. Мұнда ата-бабалары жүз жыл бұрын келген адамдар бар. Бірақ халықтың басым бөлігі кейінірек келді. Тың игеру кезеңінде, 1954-1965 жылдары.

Содан кейін Қазақстанның өнеркәсіптік игерілуі болды – бұл 60-шы жылдардың соңы мен 70-ші жылдардың басы, сол кезде адамдар бүкіл КСРО-дан көшіп келе бастады. Міне, сол адамдар мен олардың балалары, немерелері енді қайта оралып, өз болашағын Қазақстанмен байланыстырғысы келмейді.

Жақында қоғамның қызу талқылауына себеп болған “тілдік патрульдер” адамдарды даурықтырды

Әрине, оларды тез “басты”, бірақ осыған қарап кейбіреулер кетуге шешім қабылдады.

Ресейге қазақтар да барады. Олардың саны аз, бірақ бар (2019 жылы көшіп кеткен 45,2 мың ішінде 4,8%-ы — қазақтар – ред.). Менің ойымша, онда экономикалық жағдай біздегіден жақсырақ. Сонымен қатар, бірнеше миллион қазақ Қазақстанның шекарасы бойында — Астраханнан Алтайға дейін тұрады.

Онда көбісінің туыстары бар. Шекарада трансшекаралық ауылдар бар. Отбасының жартысы Қазақстанда, ал жартысы Ресей Федерациясында тұратындар да кездеседі. Соңынан олар да көшеді. Тағы бір фактор: Ресейде әлеуметтік жәрдемақылар, әсіресе ана капиталы жоғары. Бірақ, өмір сүру құны да жоғары – шығындар да көп.

— Қазақстаннан негізінен жоғары білікті мамандар — “технологтар”, экономистер, педагогтар кетуінің салдары қандай?

— Оның салдарын қазірден-ақ байқауға болады: зияткерлік деңгей төмендеп, ғылым “құлдырады”. Шенеунік деңгейі де төмендеді. Бұл 90-шы және жаңа ғасыр жылдарының басында мамандардың кетуінің нәтижесі. Сондықтан шенеуніктер қабылдаған көптеген шешімдер өте әлсіз. Халық санағы қоғамның жай-күйінің неғұрлым сенімді көрінісін көрсетеді. Егер, әрине, соңғы рет болғандай ақша желініп кетпесе.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз