Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Елуге жуық адамның өліміне себеп болған жаңбыр: Жапониядағы толассыз жауған нөсердің салдары

371

Миллионға жуық тұрғын эвакуацияланды. Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кюсю аралында тек нөсер жауынның салдары ретінде көшкіндер мен бұзылған ғимараттар ғана қалды.

Аралда 12 миллион адам тұрады. Үкіметтің өтініші бойынша миллионнан астам адам үйлерін тастап, бас сауғалауға мәжбүр болды.

 

Нөсердің кесірінен Кума өзені дамбылардың бірін бұзып, арнасынан шығып кетті.

Қаза болған 49 адамның 14-і дамбы жарылғаннан кейін су басқан Сендзюэн қарттар үйінің тұрғындары.

Өзеннің жағасында орналасқан алты мыңға жуық үй судың астында қалды. 11 көпір қирады.

Кагосима аралының орталық қаласында 100-ге жуық эвакуациялық орталық ашылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз