Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Елтаңбадағы “Қазақстан” сөзінің жазылуы өзгеруі мүмкін

Сондай-ақ, заң жобасына мемлекеттік Елтаңбадағы «Қазақстан» деген сөзді латын әріптерімен жазу қарастырылатын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңына түзетулер енгізіліп жатыр.

Сонымен қатар, отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Заң жобасы «Қазақстан Республикасының кейбiр конституциялық заңдарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Конституциялық заң жобасына сәйкес, заңнамалық актiлердi енгiзу мақсатында жасалған.

Өзгерістер бес заңнамалық актіге енгізіліп жатыр: Бюджет кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Саяси партиялар туралы» және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы» заңдарға өзгерістер енгізілуде.

Заң жобасына мынадай негізгі өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі: жергілікті бюджет қаражаты есебінен сайлаушылар мен сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту кіріктірілуде; сайлауға қатысатын үміткерлердің, саяси партиялардың үгіт-насихат материалдарын жариялау немесе эфирге шығару тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ сайлауға байланысты қоғамдық пікір сауалнамасын өткізу шартын бұзғаны үшін жауапкершілік орнатылып жатыр; ауылдың деңгейдегі әкімдердің өкілеттіктерін тоқтату және қызметке тағайындау тәртібі айқындалады.

Заң жобалары палатаның қарауына берілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз