Елордада ЭКСПО павильонының Astana Hub технопаркінде қазақ тілді бұқаралық құралдарын ілгерілету және «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында оқыту семинары жұмысын бастады. Шараның басты мақсаты «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын талқылау болып табылады.
Шараны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры серіктестігінің қолдауымен Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры жүзеге асырады.
Аталмыш жоба көшпелі семинарлар өткізу арқылы жастарға, IT мамандықтарының студенттері мен ұстаздарына, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдеріне бағытталады.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы Төртінші өндірістік революцияның жетістіктерімен толыққанды қолдана алатын, бәсекеге қабілетті заманауи мемлекет ретінде қалыптасу үшін аса маңызды. Бұл құжаттың маңыздылығы тағдыркешті сипатқа ие болғандықтан, кадрларды оқыту мәселесі туындайды. Осы орайда, кадрларды жастар қатарынан іздеудеміз. Нәтижесінде, жоспарымызда Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент, Қызылорда, Орал және Ақтау қалаларының тұрғындарын берілген тақырыптар бойынша кең ауқымды түрде ақпараттандыру тұр» – деп, Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қорының Бас директоры Айбек Казыгулов ойымен бөлісті.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының арқасында 2020 жылға дейін халықтың цифрлық сауаттылығы 80%-ға жетіп, интернет қолданушыларының саны 78%-ға дейін артады.
Аталмыш семинар өтіп жатқан «QDigitalInform» жобасы міндеттерінің бірі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету болып табылады. Бүгінгі таңда әлеуметтік сала сапалы журналистиканы қажет етеді. «QDigitalInform» жобасы тек қана қазақ тілді бұқаралық құралдарына ғана емес, жалпы отандық журналистикаға ерекше серпіліс беретініне сенімдімін», – деп «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының басқарушы директоры – ресми өкілі Мирас Иргебаев пайымдады.
Семинар жұмысына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Павел Коктышев, «Қазпошта» АҚ е-қызметтер Департаментінің директоры Сүйеніш Әбділдин қатысты. Семинар аясында заманауи отандық ұйымдар ақпаратының басқаруында, алмасуы мен сақтануында электронды құжат айналымы жүйесінің маңыздылығы талқыланады.
Семинар барысында «Атамекен» ҰКП IT-кеңесінің Төрағасы, бизнесті автоматтандыру бойынша бірнеше компаниялар жетекшісі Мирус Құрмашев заманауи отандық ұйымдардың ақпарат басқару, алмасу мен сақтау жүйесінде электронды құжат айналымының маңыздылығын қатысушыларға талқылап берді.
«QDigital inform» әлеуметтік желілерде:
https://www.instagram.com/fcis.kz/
https://www.facebook.com/fcis.kz
https://fcis.kz/ – ресми сайт
#QDigitalinform – бірегей хэштег
Баспасөзбен байланыс: symbotika@bk.ru, +7 702 215 99 32 Сымбат Үсен