Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Элитаның бүлігінен де, ауған сценарийінен де қорықпауға болады – Әшімбаев

Данияр Әшімбаев

Қазақстанда “ауған сценарийі” қаншалықты ықтимал деген сұрақты саясаттанушы Данияр Әшімбаев қойды. Ол өзінің Facebook парақшасында факторларды талдап, қорытынды жасады.

Саясаттанушы “Ауған нұсқасында” мемлекеттік жүйе діни догмалар мен тайпалық құрылымнан құралатынын айтты. Теориялық тұрғыдан алғанда, исламда ұлттарға бөліну жоқ, бірақ іс жүзінде талибтер — бұлар ең алдымен пуштундар. Бұл факторды үнемі ескеру керек.

— Сондай-ақ, талибтердің жетістігі тек бір жақты әскери жеңіс екенін әрқашан түсіну керек. Олардың жетістіктерінің жартысы – бұрынғы биліктің қателіктері, қылмыстары және тиімсіздігі, – деп атап өтті ол.

“Қарсы” үш дәлел

Сарапшы бірнеше фактілерді келтірді.

Біріншіден,

халық кеңестік халықтар достығы мен ұлтаралық келісім саясатының тәжірибесімен тиімді “вакцинациядан” өтті

– Жергілікті және шынайы оқиғаларға қарамастан, Қазақстанда ұлтаралық қақтығыстар ғана емес, шиеленіс те жоқ. Екі негізгі этнос — қазақтар мен орыстар – бір-бірімен өзара тиімді әрекет жасауда. Мемлекеттік билік органдарындағы екіншісінің өкілдігі біртіндеп қысқарып келе жатқанына қарамастан, орыс тілінің қуатты факторы бар, ол шын мәнінде қазақтар үшін екінші (тіпті бірінші) ана тіліне айналды, — деп жазды сарапшы.

Екіншіден, трайбализм саяси өмірде маңызды мәнге ие болмады. Дегенмен бұл өте маңызды фактор болып қалды. Бұны Әшімбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент лауазымындағы саясатының үлесіне қосты.

– Қазақтар тайпаларға бөлінбеген, руаралық ашық қақтығыстар болған жоқ. Трайбализм аймақтық тепе-теңдік факторына және насихатты берік етуге айналды, оны көбінесе рулық бөлінуді қарсыластарына қарағанда әлдеқайда маңызды санайтын адамдар қолданады, — деді Әшімбаев.

Үшіншіден, ел өмірінде діни фактор ерекше рөл атқармайды. Ол әдет-ғұрып саласында орнығып, идеологиялық құрал ретінде өзін көрсете қоймады.

Әшімбаев қоғамдағы діни насихатты саясиландыру деңгейі әлі де аз деп санайды. Оларға да, ұлтшылдық ұрандарға да сезімталдық артып келеді. Мұны саясаттанушы жалпы білім беру және мәдени деңгейдің төмендеуімен түсіндірді.

— Байқағанымыздай, осыдан кейін

қазіргі сәтте біздің республикамыз “ауған көрпесін” жамылуы екі талай

Бірақ оның ізімен жүрмеу үшін Ауғанстанның тәжірибесін ескеру маңызды, – деп атап өтті ол.

Төңкеріс сценарийі екіталай

Тағы бір сұрақ, елде діни бояусыз басқа сценарий бойынша төңкеріс болуы мүмкін бе? Мысалы, билеуші элитаның “бүлігі”.

— Өздеріңіз білесіздер, екі сыныптастың одағы – ҰҚК Төрағасы Мәсімов пен Премьер-Министр Маминнің үлкен ықпалы бар. Сонымен қатар, біріншісінің командасына Қорғаныс министрі Ермекбаев кіреді. Армияның әлеуетін асыра айтудың қажеті жоқ, және генералдар жиі араластырылады, бұл басшылық тарапынан бақылауды қамтамасыз етеді. ІІМ мен Ұлттық Ұлан бөлек әңгіме, бірақ олардың саяси рөлін айту қиын. Қауіпсіздік қызметкерлерінің кадрларын бақылауды өз қолынан шығарған жоқ.

Бұл команда ең алдымен Елбасына адал және бүкіл саяси құрылымның тұрақтылығы мен тепе-теңдігін қамтамасыз етеді

Транзиттің қазіргі кезеңі қандай да бір жолмен аяқталып жатса, ол басқа әңгіме. Бірақ бұл жағдайда белгілі бір сценарийлер дайын деп ойлаймын, – деп есептейді Әшімбаев.

Қоғамды басқарушы топтардың басқа өкілдері, оның пікірінше, үлкен қауіп төндіре қоймайды. Дегенмен, олардың арасында наразылары көп.

– Бірақ айтуға болады, сол сейфтерде жеке амбицияларды тежейтін (және ұстап тұратын) компроматтар тау болып жиналып жатыр. Осылайша, екі президент те қабілетті болып отырған қазіргі жағдайда төңкерістің орын алу сценарийі екіталай болып көрінеді. Элитаның шоғырлану деңгейі өте жоғары, бірақ қадағалау қиын болған кезде жағдай күрт өзгеруі мүмкін. Әсіресе, егер элита нақты нұсқаулар алмаса, – деді саясаттанушы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз