“Алл-Давай” тобының әншісі Шоқан Маратұлы әке атанды.
Жылдың басында танымал бизнесмен Райымбек Баталовтың қызымен шаңырақ құрған еді, қазірде жақсы жаңалығымен әншінің өзі инстаграм парақшасында бөлісті.
“Аллаға шүкір! Мен әке атандым!”, – деп жазған ол парақшасында.
“Бауы берік болсын!”, “Сіздер үшін қуаныштымын! Үлкен азамат болып өссін!”, “Бақытты болыңыздар!”, – деп ақ тілектерін жаудыруда желідегілер.