Еліміздәің бес өңірінде – Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, қатты дауыл болады, – деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған Sputniknews.kz.
3-тамызда тәулік бойы Қостанай облысында найзағай, кей жерлерде екпіні 25 м/с жел, бұршақ, дауыл болады деп болжанып отыр.
Сондай-ақ Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ түсіп, дауыл тұруы ықтимал, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, кей жерлерде жел екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 3-тамызда күндіз кей жерлерде найзағай, бұршақ түсіп, дауыл болады, жел екпіні 25 м/с күшейеді.
Ал Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркіреуі ықтимал. Тәулік бойы оңтүстік-батыстан секундына 17-22 метрге жететін жел соғады.
Read more: