Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Еліміздің әскери-өндірістік кешені шетелдік үздік өндірушілермен серіктесе жұмыс істейтін болады

111

“Бәрімізге де белгілі еліміздің қорғаныс-өндірістік кешенінің (ҚӨК) Қазақстанның экономикасындағы орны ерекше. Экспорттық әлеуеті де жоғары. Сонымен қатар, ол мемлекеттің әскери қуаттылығына ғана емес, жалпы азаматтық секторға да өз әсерін тигізеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында біз өз алдымызға қорғаныс-өндірістік кешенінің жұмысының тиімділігін арттыруды мақсат етіп қойдық. Осы уақытқа дейін біраз жұмыс атқарылды. Біршама нәтижелеріміз де баршылық. Бүгінгі таңда ҚР қорғаныс-өндірістік кешені – 9 мың жұмыс орынына ие құрамына 40 кәсіпорынды біріктірген ғылымды қажет ететін жүйе. Сондай-ақ, қосымша келісім шарттармен жұмыс атқарып жатқан алпысқа тарта компания бар. Соңғы уақытта біздің елде технологияның трансферті қамтамасыз етілген бірлескен кәсіпорындар жұмыс істей бастады», – деді министр өз сөзінде.

null

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі  өз сөзінде қазіргі таңда Қазақстандағы кәсіпорындар түрлі-түрлі әскери қарулар өндіріп жатқанына да тоқталып өтті. 

«Дегенмен де, еліміздегі ҚӨК-нің әлеуеті толығымен ашылмағаны жасырын емес. Бұл тарапта бірқатар шараларды қолға алу керек. Саланы әрі қарай да дамытқымыз келсе терең жаңғыртуды жүзеге асыру қажет-ақ. Бұл мақсатта нақты жоспар бар. Бұл ретте біз отандық кәсіпорындарымызды жаңғыртудың жоспарын әзірлеп қойдық. Бұл не үшін жасалады? Өйткені, көптеген кәсіпорындар сонау кеңестік корғаныс кешенінен қалған, өзгермеген, жаңармаған.

Біз бұрынғы өндіріс базасы арқылы қаруландырудың жаңа түрлерін шығаруға көшудеміз. Қазіргі күні бізге жаңа технологиялық жетекші жобалар керек. Біздің барынша ашық болуымыздың бір себебі осында. Қазақстан әлемнің үздік әскери өндірушілерімен серіктестікке әзір. Әлемдік ірі компанияларды біздің алаңға шақырамыз», – деді Бейбіт Атамқұлов. Министр өз сөзінде Қазақстанда өткен жылы Үкімет ғылымды дамытудың басымдықтарын жолға қойғанын атап өтті.

«Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде біз ғылыми-техникалық кеңес құрдық. Ол кеңес арқылы біз барлық әлеуетті жобаларды қарастырамыз. Бүгінгі күнде біздің тізімде елуге тарта әлеуетті жоба бар. Бұл ретте де серіктесуге дайынбыз. Біздің министрлік ашық диалогқа дайын», – деді министр.

Айта кетсек, Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «KADEX-2018» V халықаралық көрмесі ашылған болатын. Көрме 26 мамырға дейін жалғасады. Көрмеге Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Түркия, Иордания, Әзербайжан,Израиль, Италия сынды 40-тан астам елдердің өкілдері қатысуда. Сондай-ақ, Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Үндістан, Испания, Италия, ҚХР, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия сияқты әлемнің 28 елінің 318 кәсіпорыны өз өнімдерін көрмеде ұсынып отыр. Көрмені ұйымдастырушы – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ болып табылады.

 

null

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз