Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Еліміздің алты фильмі халықаралық кинофестивальдерде жүлделі орынды иеленді

134

90-қадамда Бес институттық реформаны, сондай-ақ, БАҚ-тағы, интернеттегі, бұқаралық ақпараттың жаңа буындарындағы, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды ақпараттық қамту және ілгерілету көзделген.

Аталған қадам бойынша қазақстандық мәдениетті, тарихи тұлғалар мен қазіргі заман қайраткерлерін таныту мақсатында еліміздің ежелгі кезеңінен бергі тарихы, қазақстандық мәдениет, еліміздің қазіргі заманғы өмірі, тарихи тұлғалар мен азаматтар – «біздің заманымыздың қаһармандары» туралы баяндайтын ауқымды кино- және тележобаларды жасау жөнінде 2015 – 2020 жылдарға арналған «Мәңгілік Ел» кешенді жоспары іске асырылуда.

Тақырыптық жоспарға сәйкес 2017 жылға 28 фильмнің өндірісі қарастырылған (15 көркем фильм, 10 деректі фильм, 2 анимациялық фильм, 1 дебютті фильмдер циклі). Олардың қатарына еліміздің ежелгі кезеңінен бергі тарихы, қазақстандық мәдениет, еліміздің қазіргі заманғы өмірі, тарихи тұлғалар мен азаматтар – «біздің заманымыздың қаһармандары» туралы баяндайтын «Сұлтан Бейбарыс», «Қазақ елі-2», «Томирис», «Асанәлі Әшімов», «Алаштың жүз жылдығы», «Балуан Шолақ» және т.б. фильмдерді жатқызуға болады.

Кинематография саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында отандық фильмдер әртүрлі халықаралық кинофестивальдерге тұрақты түрде қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.

Атап айтқанда, «Аманат», «Құнанбай» фильмдері София қаласындағы (Болгария) «Фокус на Центральную Азию» бағдарламасында және «Анаға апарар жол» фильмі – Қырғызстанның АКИЛБИС атты ұлттық кинематографиялық сыйлығы аясында «Орта Азияның үздік фильмі» атанса, «Жол» фильмі Красногорск қаласында (Ресей) 15-ші Спорттық фильмдер фестивалінде «Үздік сюжет» номинациясы жүлдесін иеленді.

«Оралман» фильмі Тегерандағы (Иран) «Fajr international film festival» фестивалінде «Үздік азиаттық фильм» жүлдесін жеңіп алды.

Каирде (Египет) өткен халықаралық кинофестивальге «Қазақ елі» анимациялық фильмі қатысып, «Ең үздік толықметражды анимациялық фильм» жүлдесін, мақтау сертификатын және «Ең үздік музыка» төсбелгісін жеңіп алды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында бірлескен киноөндіріс саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, Францияда өткен 70-ші Канн кинофестивалінде отандық киноиндустрия тарихында алғаш рет Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз