17 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек шығыс аумақта қар жаууы ықтимал, – деп хабарлайды «Қазгидромет-ке» сілтеме жасаған „Қазақпарат„.
Кей жерлерде тұман болып, жел күшейеді, оңтүстік-шығыстың жекелеген аумақтарында бұрқасын күтіледі.
Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.