Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Еліміздегі ЖОО-да сырттай оқу алынып тасталды

146

Білім және ғылым министрлігіндегілер түсіндіргендей, қазіргі ережеге сәйкес, сырттай білім алатын студенттер (ред. күндізгі бөлімде оқитын студенттермен салыстырғанда) бағдарламаның 65 пайызын ғана қамтиды екен. Алайда олардың екеуі де ЖОО-ны тәмамдағаннан кейін бірдей диплом алады.

Сарапшылардың мәліметінше, ЖОО-лардағы студенттер саны шамамен жарты миллионға жетеді. Олардың 29 пайызы тегін білім алса, басым бөлігінің жоғары білім үшін төлейтін ақшасы аз емес.

Бұған дейін сырттай оқу бөліміне түскен студенттер оқуын аятай алады, деп уәде етеді министрліктегілер. Ал диплом алғысы келгенімен, күндізгі бөлімде оқуға мүмкіндігі жоқ адамдар үшін қашықтықтан білім беру формасын қолдану арқылы жаңа жүйе ойластырылатын болады.

Әзірге жаңа жүйенің қандай болатыны белгісіз. Алайда жаңа жылдан бастап қашықтықтан білім беру жүйесі пайда болады. Өз кезегінде ол сырттай оқу түрін алмастырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз