Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Елімізде жұмыссыздар дәрігерге қаралу үшін ай сайын ақша төлейтін болды

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алдағы жылдан бастап енгізілетін сақтандыру жүйесінің ережелерін бүгін министр Елжан Біртанов депутаттарға өзі таныстырды. Жаңа заң жобасы бойынша шілденің бірінен бастап жұмыс берушілер әр қызметкері үшін жалақысының 1, бірінші қаңтардан 1,5 пайызын төлеп отыруы тиіс. Демек, әрбір жұмыс істейтін азамат осы ақшамен өзі таңдаған емханасынан ем алуына болады. Ал 14 санат бойынша, яғни, балалар мен көп балалы аналар, мүгедектер, зейнеткерлер, студенттер және әлеуметтік аз қорғалған жандарға жарнаны мемлекет құяды…

«Медициналық сақтандыру қорының тарабынан бөлінген қаржы сақтандыру жүйесіне кірген азаматтарға арналса. Жұмыс беруші не өзі, немесе мемлекет төлеуі керек», – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі ЕЛЖАН Біртанов.

Министрдің айтуынша, еліміздегі екі миллионнан астам жұмыссыздар қорға ақшаны қалтасынан, яғни айына 1400 теңгеден төлеп отыруы тиіс. Мұндай қаржы таппағандар профилактикалық ем алып, дәрігерге тексеріле алмайды. Екі қолға бір күрек таппай сенделіп жүргендер тек жедел жәрдем шақыртып, шұғыл көмектерді тегін алуға ғана құқылы…

«Ауырып келіп отырса экстренно жағдай онда оған көмек көрсетіледі. Жедел жәрдем көмегі де, температурасы да көтерілсе де кепілденген көмек көрсетіледі»,- дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова.

Жаңа жылдан бастап енгізілетін жаңа жүйені тәптіштеп түсіндіріп тұрған министр, науқастың қандай санатқа жататынын кім анықтайды деген сауалға келгенде тосылып қалды. Депутаттар, ауырып тұрған адамды емдеудің орнына дәрігерлер комьютерден дерек іздеп отыра ма деп шықты. Алайда, Елжан Біртанов науқастың қандай санатқа жататынын “Азаматтарға арналған Үкімет” сайты арқылы анықтаймыз және бұл жұмыстарды жазға дейін бітіреміз деп уақытынан шатаса бастады. Министрдің бұл жауабын ұнатпаған төраға, емделуге келген жұртты тіркеу кезіндегідей дүрліктірмей, ұйымдастыру жұмыстарын тездетіп бітіруге шақырды…

«Медицина қызметкерлерінен бастау керек, Елжан Амантаевич, 1 қаңтар емес, медициналық мекемелерге тіркелген барлық санаттағы адамдардың тізімі болуы керек», – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин.

Міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге ең алдымен халықты емес, дәрігерлердің өзін әзірлеуді сұраған депутаттар заң жобасын ақыры бірауыздан мақұлдап берді. Енді, онсыз да қолдары жазудан босамайтын ақ халаттыларға жаңа жұмыс табылды. Дәрігерлер жаңа жылға дейін 17 миллион халықты тіркеп, әрқайсысының қай санатқа жататынын анықтап үлгеруі тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз