Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
19
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Елімізде жол апатындағы адам өлімі азаймақ

Оның айтуынша, авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесінің деректерін өңдеу орталығын бағдарламалық қамтамасыз ету жобасы әзірленген.

“Барлық 14 төтенше жағдайлар департаменті мен Астана, Алматы қалаларында жүйе операторларының жұмыс орны автоматтандырылды. Бұл жүйе бойынша жұмыс жалғасып, келесі жылы аяқталады деп көзделіп отыр”, — деді министр.

Бұған дейін хабарланғандай, бұл жүйе жедел қызметтерді шақырудың тиімді құралын жасауды, зардап шеккен адамдарға психологиялық қолдау көрсетуді және ең бастысы, жолда адамдардың қаза болуын азайтуды көздейді. Қазіргі уақытта жол апаты кезіндегі адам өлімінің 50 пайызы көмектің дер кезінде көрсетілмегендігінен болады. Бұл жүйе шұғыл қызметтің апат орнына келу уақытын тұтастай алғанда 30-40 пайызға азайтады. Жылына жүздеген адам құтқарылады деп болжанып отыр.

Авария мен апат кезінде шұғыл шақыру жүйесі жол-көлік оқиғасы туралы тиісті қызметке бар-жоғы 20 секундта хабарлауға мүмкіндік береді. Деректерді өңдеу орталығына жол-көлік оқиғасы координаттарын автоматты түрде алуға, сондай-ақ нақты қандай автомобильдің аварияға түскенін білуге мүмкіндік беретін сигнал келіп түседі.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз