2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысандарынан электр энергиясын өндіру көлемі 2,3 млрд кВт·сағ болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15%-ға жоғары.
Биыл жалпы қуаты 245 МВт болатын 10 жаңа ЖЭК нысанын іске қосу жоспарланған. Оның ішінде 4 жел электр станциясы, 5 күн электр станциясы және 1 гидроэлектр станциясы бар. ЖЭК-тің электр энергиясын өндіру құрылымындағы үлесі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 7%-ға жетті. Қазақстан бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 15%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр.