Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
13
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Елімізде жасанды ұрықтандыру ісі жақсы жолға қойылған

322

Мадина Балғымбаева, егіздердің анасы:

-Ата-аналар арасында арнайы байқау өтті. Одан біз сүрінбей өттік. Дәрігер бір көргеннен маған 99 пайыз кепілдік берді. Айтқаны айдай келді. Қазір Әмина және Даниял есімді егіздің ата-анасы болдық. 

Ғылым мен ілім әлі дамымаған заманда бала табу қиындық емес еді. Сексенбай, Тоқсанбайлар өріп жүрді. Ал қазір сәбилер ата-анаға түтікше арқылы дарып отыр. Оның өзі екінің біріне бұйыра бермейтін бақытқа айналды. Тек Қазақстан бойынша жылына 150 мың жұп шаңырақ құрса, оның 20 мыңы нәрестеге зәру.

Вячеслав Локшин, Репродуктивті медицина қауымдастығының президенті:

-Басты екі себеп бар. Бірі ер азаматтардың бедеулігінен болса, екіншісі әйелдердің ішкі құрылысынан болып жатады. Көбіне дәрі-дәрмек арқылы көмек беру арқылы жағдайды түзейміз. Болмаған жағдайда жасанды ұрықтандырамыз. 

Локшиннің айтып отырғаны ұрық сапасының нашарлауы. Медицина тілімен айтсақ, бірі – ауруға шалдықан аналық ұрық. Екіншісі – сау аталық ұрық. Олар кездескенде толыққанды процесс жүрмейді. Дәл солай сау аналық пен ауру аталықтан да нәтиже болмайды. Бала тек таза аналық пен аталықтан пайда болады.

Владислав Корсак, Адам репродукциясы қауымдастығының президенті /Ресей/:

 -Байырдан келе жатқан проблема. Тіпті ол жайлы Інжілде де жазылған. Бірақ ол кезде ешқандай шара болмады. Ал қазір оның шешу жолы бар. Қазақстан бойынша жасанды ұрықтандырумен 22 клиника айналысады. Жыл сайын олардың көмегімен 1800 бала өмірге келуде.

Жалпы осы уақытқа дейін еліміз бойынша 12200 бала туылды. Ал әлем бойынша олардың саны – 5 миллион. Ал қоғамда жасанды жолмен бала көтеруге қарсылар да бар. Әлем бойынша жылына 300 мың түсік жасалады. Көшеде қалғандар тағы бар. Қатігез, көкек аналардың қатарын мүлдем сәби сүйгісі келмейтіндер толықтыруда. Қате құбылысты тек «бала – бақытым» дейтін ата-аналар ғана өзгертуі мүмкін. Мейлі ол түтікшеден шықсын, табиғи жолмен туылсын. Бастысы қоғамға пайдасын тигізетін азамат болса болғаны.

1337574550_sooa8bm1pkvb-400

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз