Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Елімізде полицейлерге қызметтік көлігінің терезесін тұмшалауға тыйым салынды

Арнайы түстермен айшықталған және жарық, дыбыс сигналдарымен жабдықталған автокөліктерге осындай талап қойылып отыр»,-дейді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Яғни, полицейлер мінген мынадай көк түспен боялған көліктердің барлық  әйнегі ашық болуы тиіс. Астаналық сақшылар жаңа тәртіпке жылдам көшіп үлгеріпті. Темір тұлпарларының терезесіндегі қара пердені түгел шешіп тастаған.

Ішкі істер министрлігі осы арқылы тәртіп сақшылары арасындағы парақорлықты жоймақ. Енді полицейлер ереже бұзған жүргізушіні көліктің артқы орындығына отырғызып, жасырын сөйлесе алмайды деген сөз. Айта кету керек, елімізде қарапайым көлік жүргізушілеріне де терезесін тұмшалап жүруге тыйым салынған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз