Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-4
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Елімізде орақ науқаны басталды

Сонымен қатар, 17,4 мың тонна майлы дақыл, 363,5 мың тонна картоп, 1,3 млн тонна көкөніс және 1,6 млн тонна бақша өнімі жиналды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері топыраққа 1,7 млн тонна тыңайтқыш қосты. Бұл – жылдық жоспардың 88%-ы. Қалған көлем күзгі жырту кезінде енгізіледі.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов техниканың дайындық деңгейі 93% екенін хабарлады. Жаппай жинау кезеңінде бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді. Егін жинау жұмысына 402 мың тонна арзандатылған дизель бөлінді. Оның 42%-ы (9,3 мың тонна) жеткізілді. Бағасы нарықтан 18-20%-ға арзан.

Қазіргі таңда элеваторлардың жүктемесі – 16%. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» тамыз соңына дейін кемінде 500 мың тонна астық өткізуді жоспарлауда. Қазірдің өзінде 328 мың тонна сатылды.

Көктемгі дала және жиын-терім жұмысына 5%-дық жеңілдетілген несие қарастырылған. Алматы және Жетісу облыстарында вегетациялық кезең қауіпсіз өтуде. Жамбыл облысында суару жұмысы кестеге сай жүргізіліп жатыр.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз