Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Елімізде ми ісігін емдейтін жаңа заманауи жабдық пайда болды

Біздің еліміз осындай жоғары технологиялық жабдықтары бар ТМД-дағы үшінші және Орталық Азиядағы бірінші ел болды. «Гамма пышақ» — бұл ми ісіктерін, тамырлы және функционалды ауруларын емдеуге арналған радиохирургиялық қондырғы. Жұмыс қағидаты  радиоактивті сәулеленудің тар сәулесін қолданудан тұрады, ал мидың сау тіндері мен науқастың бүкіл денесі сәулеленбейді.

Жабдық пациенттерді тез, ауыртпалықсыз, тікелей хирургиялық араласусыз және ұзақ қалпына келтіру процесінсіз емдеуге мүмкіндік береді. Бұрын пациенттерді шетелге қымбат тұратын ем алуға жіберуге тура келетін.

Мұндай аппаратқа деген қажеттілік өте зор. Тек жұмыстың бірінші айында, сынақ түрінде ашылғаннан бастап, 25 пациент Лекселла Гамма-пышағының көмегімен емделді.  Радиология және радиохирургия бөлімінің мамандары жақын арада күніне 3-4 адамды қабылдай алатынын айтады, алдағы екі айда ауруханаға жатқызу жоспарланып отыр.

Лекселла Гамма-пышақ стереотаксикалық радиохирургия әдісімен операциялар жүргізу мүмкіндіктері туралы жергілікті дәрігерлер де, пациенттер де көбірек біле бастағандықтан, Нейрохирургия орталығына көбірек сұраныс түсуде.

Қазақстанда нейрохирургиялық көмекті қажет ететін ауруларды анықтау және диагностикалау жүйесі іске қосылды, жергілікті жерлердегі барлық мамандар дерлік бұл жабдық туралы біледі. Қазақстандық Нейрохирургтер қауымдастығының қатысуымен Ұлттық нейрохирургия орталығы өңірлік ауруханалар, орталықтар және денсаулық сақтау басқармалары арқылы әріптестерін ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде. Енді радиохирургия үшін көрсетілімдері бар науқастарды емдеу алгоритмін мақсатты түрде Нұр-Сұлтан қаласындағы нейрохирургия орталығына жібереді. Жергілікті жерлерде радиохирургиямен емдеу ұсынылған Қазақстанның басқа қалалары мен ауылдарынан келетін пациенттердің ағыны күн сайын ұлғаюда.

Науқастың Нейрохирургия орталығына емделуге барар алдында өтетін жолы осындай. Науқас тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігерге барады, егер ол нейрохирургиялық консультация қажет деп шешсе, онда сұрау салып, сырттай немесе күндізгі түрде Орталыққа консультацияға жібереді. Мұнда мамандар барлық суреттерді талдағаннан кейін пациент радиохирургияға жарамды ма, жоқ па деген шешім қабылдайды. Екінші жол — пациенттер өздері Нейрохирургия орталығына сұраныс жібереді, құжаттарын жібереді. Тағы да, оларды зерттегеннен кейін мамандар осы жағдайда радиохирургия тиімді бола ма, жоқ па, соны шешеді.

Стереотаксикалық радиохирургия әдісімен операция жүргізу айтарлықтай қымбат. Алайда қазақстандықтар мұндай емді квота бойынша тегін ала алады.

«Біздің мүмкіндіктеріміз көбейді»

Бізге жақында Нейрохирургия орталығында операция жасаған пациенттермен сөйлесудің сәті түсті.

Олардың бірі 59 жастағы Мұқашева Қарлыға Темірболатқызы, ол Ақмола облысы, Көкшетау қаласының тұрғыны.

–  Біздің қаламызда нейрохирургтер бар, бірақ дәл диагноз қоятын орталық жоқ. Нұрұлтанға келген соң, мен МРТ жасадым. Менің басымда метастаздардың бір ошағы бар екенін айтты және Гамма-пышақпен емдеуге кезекке қойды, – дейді ол.

Емдеуден кейін өзіңізді қалай сезінесіз?

Кеше ота жасады. Өзімді жақсы сезінемін. Басым ауырмады, қысымым көтерілмеді, жақсы ұйықтадым.

– Дәрігерлер не дейді?

Нәтиже жақсы деп айтты. Енді сауығу процесі қалай өтіп жатқанын бақылау үшін әр екі ай сайын МРТ өтіп тұру керек.

Егер Қазақстанда Гамма-пышақ болмаса, сіздің емалуыңыз қалай өтер еді?

Өткен жылы мен Новосибирскіге бардым, енді қазір тағы Ресейге бару керек шығар деп ойлағанмын. Бірақ бұған қомақты қаражат керек, ондай ақшам болмады. Сондықтан енді мұндай емдеу мүмкіндігі бізде, Нұрұлтан қаласында пайда болғанына өте қуаныштымын. Бұл мен үшін квотамен тегін болды.

– Сізді Көкшетаудан дәрігерлер жіберді ме?

Мен алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласында осындай бөлімшенің ашылуы туралы Интернеттен оқыған едім. Содан кейін көкшетаулық дәрігерлер де осында жіберді. Жолдама алып, порталға кезекке тұрдым да, осында келдім. Қазақстанда осындай орталықтың бар екеніне өте қуаныштымын. Енді мен сияқты емделушілердің емделіп шығуға көбірек мүмкіндігі бар.

Қазақстандықтар үшін жоғары технологиялар тегін

Гамма-пышақ жұмыс істейтін Радиология және радиохирургия бөлімінің ашылуымен Нейрохирургия орталығында ми ісіктері бар пациенттерді емдеу үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Бұл жоғары технологиялық жабдықтың көмегімен емдеу олар үшін МӘМС есебінен тегін болуы да маңызды. Тек тексеруден өту керек, егер де радиохирургияға көрсетілімдер болса, дәрігер пациентті портал арқылы кезекке қояды.

Оралдан келген 51 жастағы Жаннат Мукасовна Муханбеткереева Радиология және радиохирургия бөліміне Гамма-пышаққа дәл осылай түсті.

Мені бұл жерге Оралда қаралған хирургым жіберді. Ол маған жақында Нұрұлтан қаласында Гамма пышақ орнататынын айтты. Оның айтуынша, бұған дейін мұндай аппарат Ресейде болған, пациенттерді сол жаққа жіберіп отырған. Ал енді өзімізде болады. Мені медициналық мемлекеттік порталға кезекке қойды. Көп ұзамай бөлім ашылғаннан кейін тексеріліп, операцияға шақырылдым деп Жаннат Мукасовна анық- қанығымен бөлісті.

Қорқыныш болды ма? Радиохирургия біз үшін әлі де үйреншікті емес қой.

Хирург маған алаңдамау керектігін айтты. «Гамма-пышақ» операция жасамайды, олар ештеңе кеспейді, МРТ тәрізді аппарат болады, онда сіз шамалы бір уақыт қана боласыз», деп ол мені сендірді. Алайда, әрине, уайым болмады емес, болды.

– Қазір өзіңізді қалай сезінесіз?

Қазір бәрі жақсы. Қысымымды өлшеді, бәрі жақсы.

– Сізге әрі қарай қалай емделу керектігі туралы айтты ма? Оның болашағы қандай болады?

Дәрігер маған қабылдауына келген кезімде түсіндірді. Ол: «Уайымдамаңыз, бұл жеңіл болады, қалпына келу үшін палатада ұзақ уақыт жатудың қажеті жоқ. Жағдайыңызды бақылау үшін қысқа уақыт қажет» – деді. Сондай-ақ, ол «Гаммапышақ» қалай жұмыс істейтінін, операциядан бұрын және одан кейін не істеу керектігін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Ол әрі қарай әдеттегідей өмір сүре беріңіз деді.

– «Гамма-пышақ» медицина қызметкерлерінің жұмысын қалай бағалайсыз?

Тамаша! Бұл жердегі мамандар керемет енді. Дәрігерлер, медбикелер, санитар қыздар бәрі әрдайым мұқият әріқамқор болды, тезірек сауығып кетуімді тіледі.

Радиология және радиохирургия бөлімінде емделген барлық пациенттер процедураның өзі өте тез өтетінін айтады. Бір таңқаларлығы, ми операциясынан кейін, әдеттегі операциялардағыдай, ауруханада ұзақ уақыт жатудың қажеті жоқ. Ол содан кейін ауырсыну мен қорқынышсыз толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз