Осы жылдың 7 айында 58,1 млн тонна көмір өндірілді. Оның ішінде энергетикаға 37,3 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін шамамен 2,5 млн тонна көмір тасымалданды, экспорт көлемі 15,8 млн тонна көмір деңгейінде қалды.
Ұлттық тасымалдаушының мәліметінше, 21 тамызда 1 млн тонна көмір әкелінген, қатты отынмен қамтамасыз ету жылдық жоспарға қарағанда орта есеппен 13% болды. Қозғалыстың барлық кезеңіндегі шығындар, яғни көмірді кен орнынан тұтынушыға дейін жеткізу және теміржол тасымалының құны тұтынушы үшін бағаның қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді.