Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Елімізде картоп бағасы 300 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

111

Мәселен, мына картоптың бағасы бұл жерде 120 теңге, кей жерлерде тіпті 110 теңге тұрады. Ал ірі сауда дүкендерінде ол одан да қымбат болуы мүмкін. Қарапайым халық картоптың осы бағада қала бергенін қалайды.

Елімізде картоптың орташа көтерме бағасы қазір 35-тен 55-ке көтерілген.

Аздан соң 90 мен 130 теңге аралығында болады деп жатыр.

Өйткені, шаруалар көктемгі қыруар шығынын өтеу керек. Көкөністер ішінде қымбатшылыққа қатты ұрынғандардың тағы бірі қияр болып отыр. Оның себебі, қазір егістіктегі қиярдың бәрі жиналып болды. Пияз бағасы да шарықтай бастады. Ал сәбіз 15 пайызға, орамжапырақ пен қызылша шамамен жеті жарым пайызға, қызанақ жеті пайызға қымбаттады.

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі сарапшылар болжамына кереғар пікір айтып отыр. Министрлік өкілдерінің деректеріне қарасақ, биыл өнім жылдағы әдет бойынша артығымен жиылмақ.

“Биылғы көкөністердің егістік алқабының жалпы көлемі 144 мың гектарды құрайды. Одан 3 миллион 700 мың тонна өнім жинау көзделіп отыр. Ал елдің сұранысы екі миллион 400 мың тоннаны құрайды. Яғни, жалпы өнім көлемі сұранысты 154 пайызға артығымен қамтамасыз ете алады деп отырмыз”, – дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі жер бөлінісі департаментінің басшысы Алмат Қонақов.

Министрліктің өз есебі бойынша, картоп өнімі де биыл елдің сұранысынан артығымен жиналайын деп отыр. Сондықтан, қарапайым халық үшін алаңдауға негіз жоқ дегенге сендіргілері келеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз