Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі азық-түлік бағасының қалай өзгергені туралы мәлімет берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Ағымдағы жылдың басынан бағасы айтарлықтай өскен тауар түрі қант екен. Оның бағасы 21 процентке өсіпті.
Ірімшік бағасы 10,6 процентке, консервіленген сүт -9,4 процентке, жылқы еті – 8,5 процентке, сары май – 7,4 процентке, ашытқан сүт өнімдері – 6,2 процентке, шошқа еті мен шұжық – 5,8 процентке, сиыр еті – 5,3 процентке және қой еті – 5,1 процентке шарықтаған.
Ал сарымсақ бағасы 37,2 процентке, тәтті бұрыш 36,1 процентке арзандай түскен.
Көлік пен құрылыс заттарының бағасы 6,3 процентке, дизельдік отын 20 процентке көтерілген. Бензин бағасы керісінше, 2,7 процентке төмен түскен дейді мамандар.