Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Елімізде енді атеистердің құқығы заңнамалық деңгейде қорғалады

Вице-министрдің айтуынша, елімізде дінге сенетіндердің 87 пайызының тек 16 пайызы ғана бүкіл діни жоралғыны орындайды.

“Әлеуметтік зерттеу жүргізген кезде азаматтардың 87 пайызға жуығы дінге сенетіндерін айтты. Алайда сол 87 пайыздың ішінде тек 16 пайызы ғана бүкіл діни жоралғыларды орындайды. Қалғандары дінге сенеміз дегенмен, діни рәсімдерді орындамайды”, — дейді ол.

Айта кетсек, заң жобасы аясында 12 заң актісіне шамамен 50-ге жуық түзету мен толықтыру енгізілмек. Арын барлық түзетуді үш бөлімге жіктеп көрсетті.

Бірінші бөлім дінді деструктивті мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге бағытталса, екінші бөлімде мемлекеттік органдардың қызметін реттеуге қатысты нормалар қарастырылған. Ал үшінші бөлімде діни бірлестіктердің жұмысын жеңіл әрі түсінікті етіп жасауға арналған түзетулер енгізілген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз