Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
9
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Елімізде эконауқанға қатысушылар бір тоннадан астам қалдық жинады

Coca-Cola, «Жасыл» экономика және G-Global дамыту одағы» ЗТБ және «Тұрақты дамуға көмектесу орталығы» ҚҚ, Астана, Шымкент, Алматы және Ақтау қалалары әкімдіктерінің қолдауымен ауқымды экобелсенділікке мұрындық болды. Оған компания мен зауыт қызметкерлері, серіктестер ғана емес, өңірлердің жетекші білім беру және қоғамдық ұйымдары да қатысты: Алматы Менеджмент университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Нархоз университеті, М.С. Нәрікбаев атындағы ҚАЗМЗУ УНИВЕРСИТЕТІ, «Есіл» университеті, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қ. НЗМ, Plastnet желісі, «Taza.Likee» жасыл мектебі.

«Біздің компания саналы түрде қоршаған ортаға теріс әсерді азайту үшін тұрақты даму стратегиясын ұстануға тырысқандықтан. Мұндай іс-шараның бастамасы біз үшін жақсы дәстүрге айналды», – деді Coca-Cola Icecek Қазақстан тұрақты даму жөніндегі директоры Әлима Исембаева.

Іс-шара басталар алдында барлық қатысушы үшін қалдықтарды бөлек жинау негіздері бойынша тренинг өткізілді, онда қатысушыларға қалдықтарды жинау мен өңдеудің маңыздылығы, сондай-ақ пластиктің қандай пайдалы шикізат екендігі және жауапты тұтынуды дамыту және қалдықтарды қайта өңдеудің маңыздылығы, оларды қайтадан кәдеге жаратудың қажеттілігі айтылды. Науқан барысында бір тоннадан астам қалдық жиналды, оның бір бөлігі 228,5 кг қайта өңдеуге жіберілді.

«Біздің бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп отырғанымыз бірінші жыл емес және Қазақстанда Coca-Cola-ға қуана қолдау көрсетеміз, мүмкіндігінше көп жастарды, қазақстандықтарды тартуға тырысамыз. Біз қалдықтарды бөлек жинаудың және оларды қайта өңдеудің артықшылықтары туралы халықтың білімін арттыруға тырысамыз, себебі әркім үлес қоса алады», – деді G-Global «жасыл» экономика үшін одағының бас жобалық менеджері Асыл Оқапова.

Астанада 780 кг қалдық, Шымкентте – 210 кг, Алматыда – 182 кг, Ақтауда – 270 кг жиналды. Ақтауда World Cleanup Day 2024 акциясы «Тазалық бірлікте – Бакуден Ақтауға Эстафета» ұранымен өтті. Каспий жағалауын тазарту жөніндегі күш-жігер Қазақстанда да, Әзірбайжанда да бір мезгілде өтіп жатқан ауқымды бастаманың бір бөлігіне айналды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз