Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Елімізде дәрі-дәрмек тапшылығы болуы мүмкін

Шынымен, орталықтан алыс жатқан облыстарды тегін әлеуметтік дәрілермен қамтамасыз ету түйіні шешілер емес. Министрлік заңға әлеуметтік препараттардың сатып алуын орталықтандырып, СК Фармацияның қолына беруді қарастыратын түзетулер әзірлеген. Бірақ заң жобасы әлі Үкімет пен президент әкімшілігінен шықпай тұр.

Сондықтан биыл сирек кездесетін ауру түрлерін емдейтін препараттар өңірлерді айтпағанда, жалпы елге кешігіп жетуі мүмкін. Сатып алудың талабы солай көрінеді. Ал мерзімдер болса әдеттегідей күйіп тұр. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі сатып алу туралы заңға кезекті өзгеріс енгізуді сұрады.

“Сатып алудың талаптары бойынша дәрілерді жеткізу мерзімі тым ұзақ. Сол себепті дәрі тапшылығының қаупі бар. Қажетті препараттар 15-ші ақпан-10-шы наурызда бір-ақ жетуі мүмкін. Сондықтан бірыңғай дистрибютордың үш айлық қажеттілікті бір жерден алу мүмкіндігін жасауды сұраймыз”, – деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Бір терінің пұшпағын илеп отырған Үкімет Біртановтың өтінішін әрине қолдайды. Бірақ премьер Біртановтың бейқамдығына таң қалды. Дәрінің республика бойынша құнын айтпағанда, бір қаладағы бағасын біркелкі ұстай алмай отырған министрлікке, кезекті рет ескерту жасалды.

“Бұл жоспарлаудың түкке жарамсыздығын көрсетеді. Жыл басынан бері қадағалап отыру керек еді. Қай өңірде жыл соңында қандай дәрі бойынша жетіспеушілік болатынын есептеп алуға болар еді ғой?”, – деді ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.

Өткен жылы дәрілер жыл бітпей жатып алдын ала алынса, биыл жыл соңында әлі тендерлер толық өткізілмеген. Оған жүйені артық қылуы тиіс заң жобасы қабылдануының ұзаққа созылуы себеп болып тұр дейді Біртанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз