Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Елімізде бала туғанда берілетін жәрдемақы мен зейнетақы өседі

2017-2018 жылдар аралығы, республикалық бюджеттен төленетін зейнетақылар мөлшері біртіндеп көтерілетін болады.

Ынтымақты зейнетақы жыл басынан 9 пайызға көтерілгенін ескере отырып, тағы 11пайызға артатын болады. Базалық зейнетақы жыл басынан 7 пайызға көтерілгенін ескере отырып, тағы 13 пайызға артады. Бұл өсім барлық зейнеткерлерді немесе 2 миллионнан астам адамды қамтиды.

2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін 20 пайызға өсіру қарастырылған.

Жұмыс берушінің 5 пайыз міндетті зейнетақы жарна төлеуін енгізу қарастырылған мерзімді 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыру көзделген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жалпы, зейнетақылар мен аталған жәрдемақы түрін ұлғайтуға, республикалық бюджеттен 81,6 млрд теңге қарастырылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз