Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстандағы ажырасатындар азайып жатқанын мәлімдеді. Социологиялық деректерге сәйкес, қазақстандықтардың басым көпшілігі (85-89%) үшін ерлі-зайыпты мен бала арасындағы қарым-қатынаста өзара сүйіспеншілік, құрмет пен түсіністік басты құндылық болып қала береді. Елде ажырасу санының азаю үрдісі байқалады. Кейінгі бес жылда олардың саны шамамен 16% төмендеді (2020 жылы 48,2 мың жағдайдан 2024 жылы 40,5 мыңға дейін).
«2024 жылы істердің 37,5%-ы екі тараптың татуласуымен аяқталды (2023 жылы – 33,1%). Бұл жоба тиімділігін көрсетіп отыр», – деді министр.