Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Елімізде әскери патриоттық тәрбие кешенді түрде жүргізіліп жатыр” – маман пікірі

122

122

– Айтыңызшы, әскерге шақырылатын жастардың белсенділігі және де денсаулығының жарамдылық деңгейін қалай бағамдауға болады?

– Бұл аса жауапты шаруа. Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге міндетті жастардың денсаулығы жарамды, жарамсыз екенін медициналық сараптама комиссиясының төрағасы анықтайды. 

Бұл барлығына ортақ талап қой. Айталық, алдымен Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен біздің басқармаға осы жылы қанша жасты әскерге жіберу туралы сұраныс келеді. Осы сұранысқа сай басқарма жұмыс атқарады. Бұлардың арасында Қарулы күштер, Шекара қызметі, Ұлттық гвардия, Мемлекеттік күзет қызметі бар. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы әскерге шақырылған жастардың денсаулықтарын бағамдай отырып, ілгерідегі құрылымдардың бәріне нақты сұраныс бойынша жібереді.

– Демек, әскерге әбден шыныққан, денсаулығы мығым, барынша сауатты әрі спортпен шұғылданған жігіттер іріктеледі ғой?

– Өздеріңіз білесіздер Қорғаныс министрлігінің 96-шы бұйрығына сай бізде Әскерге шақыру комиссиясы жұмыс істейді. Президенттің бұйрығы, өңір, қала әкімінің қаулысы шыққаннан соң ғана әскер қатарына шақыру науқыны басталып кетеді. 

Әрине, алдымен жіті медициналық сараптамадан өткіземіз. Рас, сауатты жастар көп. Бірақ, кейбірінің білімі жақсы болғанымен денсаулығы жарамай жатады. Көбінесе көз аурулары, әрі салмақ өлшемі жетіспеушілігі және үшіншісі – майтабан аурулары көп. 

Мұның бәрін арнайы аға дәрігер өзі қадағалап өткізеді. Әскерге шақырылған жас жарамды деп табылса облыстық медициналық комиссиядан өткеннен соң нақты қай әскер түріне баратыны нақтыланады. Бұл бір деп қойыңыз. 

Екінші кезекте жастар психолог мамандардың елегінен өтеді. Осы арада тілге тиек етер бір мәселе бар. Жастарымыздың кейбірі моральдық-психологияық жағынан әскери өмірге дайын болмай шығады. Психологтар әлгі жастың ішкі жан дүниесіне кірігіп, бәрінде білуі керек. Бұл аса маңызды. Себебі, мінезінде қандай да ауытқушылық байқалса, суицид мәселесін жоққа шығара алмаймыз. Ал мұның бақылайтын маман ол – психолог.

Өздеріңіз білетіндер, қазіргі таңда Қорғаныс істері жөніндегі барлық департаменттерде, қалалық қорғаныс істері басқармаларында, барлық әскери бөлімдерде арнайы психологтар штаты бөлінген. Әскерге шақыру науқаны кезінде бұлардың бәрі тізе қосып жұмыс істейді. 

– Бұл түсінікті делік. Дегенмен, осы жастарды медициналық сараптамадан өткізетін мамандарының біліктілігі қандай?

– Дұрыс айтасыз. Бұл мәселе де өзекті. Бірақ, бұлар айдаладан алынған мамандар емес. Медкомиссия мүшелері өңірлік денсаулық сақтау басқармасына қарайтын мекемелерден келеді. Араларында 20-25 жылдан бері үздіксіз жұмыс атқарып келе жатқан тәжірибелі мамандар бар. Жоғары санатты, бірінші санаттағылар.

Бұларға жүктелген міндет аса ауыр. Өйткені ертеңгі күні іріктеуден өткен жас әскер қатарына кеткен кезде дәрігерлер бәріне де жауап береді. Қандай да бір ауытқумен, денсаулығында кінәраты бары анықталса бұл үлкен шығын болары айтпай-ақ белгілі. Осының бәріне дәрігерлер жауапты. Медициналық сараптамадан қалай өтіп жатқаны соның бәрі тексеріледі. Егер қандай да бір кінәрат табылса заң шеңберінде бізге де жауап беруге тура келеді. 

– Ал әскери бөлімнің өз мамандарына жүктелер жұмыс қандай? 

– Біз бірінші кезекте сапаға көңіл бөлеміз.  Бұрынғыдай санға емес, қазіргі таңда қанша сұраныс болса да, сапаға назар аударамыз.
Өздеріңіз де білесіздер,  Ата заңымыздың 36-шы бабында «Отанды қорғау – әр азаматтың парызы» деп тайға таңба басқандай жазылған. Осы мақсатта алдын ала үгіт-насихат жұмысы жүргізіледі.

Анығында, шақырылушылар көп, өз еркімен барамын деп тілек білдіретіндер де көп.

Жоғары оқу орнында оқитындар оқуын бітіргенше әскери кафедрада білім алады. Бірақ олар да алдымен Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың сүзгісінен өтуі керек. 18 және 27 жас аралығындағы жастарды жылына 2 рет шақырамыз. Көктемгі және күзгі шақырылушылар.

Бұдан бөлек жасы 22 мен 27 жас арасындағы жоғары білімді немесе орта оқу орнын бітіргендер әскери техникалық мектепке жіберіледі. Ілгеріде айтқанымдай, әскерге шақырылатын жастар ереже бойынша медициналық комиссия мүшелерінің, кейіннен психологтың сараптамасынан, содан соң тестілеуден өтеді. Жарамдылығы анықталса, айлық курстарға жібереміз.

– Қазіргі кезде жастар арасында әскерге барам деушілердің қатары артып келеді деуге негіз бар ма?

– Әрине. Қазіргі таңда елімізде әскери патриоттық тәрбие кешенді жүргізіліп жатыр. Жас өскінді елін сүюге, отансүйгіштікке баулу мақсатында еліміздегі барлық мектептерде «Ерлік сабағы» жүйелі түрде өткізіледі.

Осы сабақтардың шеңберінде Қарулы Күштеріміздің қазіргі жағдайы, мақсаты, болашағы түсіндіріледі. Соның арқасында қазіргі таңда әскерге барғысы келетінін жастардың саны артып келеді.

Ал сан өскен жерде, сапа да артары анық. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз