Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Мырзантай Жақып: Ақпарат және медиакоммуникация академиясын құру керек

233

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Журналистика және саясаттану» факультеті «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының доценті Мырзантай Жақып бұл тұжырымдама аясында ақпарат және медиакоммуникация академиясын құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасына журналистика, қоғаммен байланыс, баспа ісі, медиакоммуникация секілді ақпараттық коммуникация саласының жоғары білікті мамандарын – бакалаврларды, магистрлерді және PhD докторларын даярлау мәселесіне байланысты Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің құзыреттіліктері мен құқықтарын нақтылайтын арнайы құқықтық қағидалар енгізілгені жөн.

“Қазіргі кезде елімізде “Журналистика”, “Қоғаммен байланыс” және “Баспа ісі” мамандықтары бойынша жоғары білімді мамандар Білім және ғылым министрлігінің жүйесімен даярланып келеді. Көп жағдайда Білім және ғылым министрлігінің басшылары мен қызметкерлері бұл мамандықтардың ерекшеліктерін біле бермейді және түсіне де бермейді.

Сондықтан, Бұқаралық ақпарат құралдарын біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелерді шешудің бір жолы ретінде елімізде журналистика, қоғаммен байланыс, медиакоммуникация, баспа ісі және т,б, мамандықтар бойынша магистрлер мен PhD докторларын даярлау мақсатында Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тікелей бағыныстағы дербес Ақпарат және медиакоммуникация академиясын құруды ұсынамын”, – дейді Мырзантай Жақып.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз