Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Елімізде “100 үздік имам” және “үлгілі мешіт” байқауы өтеді

Ал ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб-мүфтиі Бауыржан Есмахан жаңа жобаға қатысты діни басқарманың да ұсыныстары бар екенін айтты.

“100 үздік имам” тың әрі жақсы жоба. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дін істері комитеті ұсынып отыр. 2-ші республикалық имамдар форумында “ХХІ ғасырдағы зияткер имам” деген тұжырымдама қабылданған болатын. Соның негізінде 100 имамды таңдап алу, оларға көмек жіберу жоспарланып отыр. Жаңа жоба болғаннан кейін біздің де  ұсыныстарымыз болады. Соның ішінде, жақсы көзге түскендерге сый ретінде қажылыққа алып баратын компаниялар арқылы үлкен немесе кіші қажылыққа жолдама беруге болады. Ондай мүмкіндік бар”, — деді бас мүфтидің орынбасары.

Сонымен қатар, оның айтуынша, діни басқарма биыл еліміздегі ең үлгілі мешітті анықтайды.

“Діни басқарма “Үлгілі мешіт” байқауын бұрын өткізген болатын. Биыл соны жалғастырғалы отырмыз.  Үлгілі мешітті анықтау кезінде оның тек сыртқы көрінісі ғана емес, сондағы имамдардың жамағатпен жұмыс істеуі, мешіттің ішкі-сыртқы тазалығы ескеріледі”, — деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз