Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Халқы аш отырғанда президенті қымбат көлік сатып алды

133

Бұл туралы Хроника Туркменистанаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта болатын “Амуль-Хазар 2018” жарысына сақадай сай.

Жылда өтетін шара үшін Бердымұхамедов маусымның басында 520 мың еуроға cу жаңа “Mini Cooper” көлігін сатып алған.

Ал сатып алған соң араға 12 күн сала ол кішкентай көлігін басқаша түрлендіріп жібереді. Президент кішкентай “Mini Cooper”-ден нағыз спорттық көлік жасап шығарған.

Айта кетейік, қазір Түрікменстан халқы басынан ауыр кезеңді өткеріп жатыр. Елде азық-түлік тапшылығы жайлаған. Ел тұрғындары нан алу үшін ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр.

Ал орын алған жағдайға күйінген кейбір азаматтар басқа елге қоныс аударып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз