Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Елге танымал журналист өмірден өтті

“Достар, бес күндік жалған өмірден қазақ журналистикасының белді өкілі, публицист, ғалым Жұмабек ағамыз өтті деген қаралы хабар алып отырмыз. Дүйім қазақ жұртына, журналистерге, сондай-ақ “Қазақ газеттері” ұжымына, ағамыздың отбасына қайғырып көңіл білдіремін. Қайырлы қаза болсын! Аға, бақұл болыңыз!” деп жазады ол.

Жұмабек Кенжалин 1954 жылы Қостанай облысы, Амангелді ауданындағы Жданов атындағы колхозда өмірге келген. Ол әр жылдары “Егемен Қазақстан” газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, «Білім және еңбек» («Зерде») журналында жауапты хатшы, бас редактордың міндетін атқарушы болды, «Халық кеңесі» газеті бас редакторының орынбасары, бірінші орынбасары, «Ақиқат» журналының бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды.

Өмірінің соңғы жылдарында “Қазақ газеттері” ЖШС ұжымын басқарды.

Ол Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстан Республикасы Президент сыйлығының лауреаты (2006), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған (2004). Қазақстан Журналистер Академиясының толық мүшесі — академигі (2001).

Дереккөз: stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз