Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Елена Малышева қазақстандықтардың коронавирусқа қатысты қойған сұрақтарына жауап берді

766

 

«Біз Қазақстандағы нақты жағдайды білмейміз. Интернетте өзінің жан айқайын білдіріп жатқан дәрігерлер өте көп. Бірақ дәрігерлер тиісті ем қолданып, науқастарды емдеудің орнына неліктен үкіметке үндеу жасап жатқанын түсінбеймін. Себебі емдеу барысында тиімді деп танылған қанның қоюлануына қарсы дәрілердің барлығы емдеу мекемелерінде бар.

Қандай дәрі-дәрмектер көмектеспейді? Олар гидроксихлорохин, калетра және антибиотиктер. Антибиотиктерді бірден тағайындаудың қажеті жоқ. Қазір дәрігерлер нені қолдана алады? Біріншісі — қанның ұюына қарсы дәрілер. Екіншісі — науқасты етпетінен жатқызу. Үшінші —  жағдайы өте ауыр болса емделуші тоцилизумаб типті препараттарды алады»,

—  деді Малышева.

«Қазақстандағы адамдардың көбі үрейленіп отыр. Пациенттер біздегі жағдай  қорқынышты, тіпті компьютерлік томография жоқ деп жазды», — деді дәрігер.

Сондай-ақ, Малышева неге кенеттен «екінші карантин» жариялағанын түсінбейді.

«Маған бұл жағдайды түсіне алмаймын. Ешкім ешнәрсені түсіндірмейді де. Қазақстанда неліктен бұндай жағдай болғанын айта алмаймын. Алғашқы карантиннің бір ғана мақсаты болды, ол — медицинаның дайындалуына мүмкіндік беру», —деп атап өтті профессор.

Малышева қазақстандықтардың дәрі-дәрмектердің жоқтығына шағымдануы да түсініксіз екенін атап өтті.

«Дәрігердің рецептісіз сатып алуға болатын дәрі-дәрмектердің қажеті жоқ», — деді ресейлік дәрігер.

«Бүгінде дұрыс ем қолданса, өлім-жітім төмен болады. Неліктен сіздерде қаза болғандардың саны жоғары екені  бір Құдайға ғана аян», — деді дәрігер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз