Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Елдің мүддесіне зиян келтіру» бабына өлім жазасын бере ме?

Таяуда Әділет министрлігі «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне оларды ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындады. Жаңа заң жобасы аясында ҚР Қылмыстық кодексіне «Елдің аса маңызды мүдделеріне ауыр зиян келтіру» туралы өзгертулер енгізу көзделген. Қазақстандық қоғам заң жобасын мүлде түсініксіз екенін және көп сауал туындағанын айтып, сынға алған болатын. Кейін аталмыш заң жобасы ресми сайттан өшірілді.

Үкімет сағатында журналистер Әділет министрі Марат Бекетаевтан «елдің аса маңызды мүдделеріне ауыр зиян келтіру» тұжырымдамасын түсіндіріп беруді сұраған болатын. Алайда ведомства басшысы нақты жауап бере алмады.

— Бұл мәселеге қатысты полемика туғыздуың қажеті жоқ, өйткені бізде дәл осы мәселені тексеретін ведомствааралық комиссия бар. Бұл заңның соңғы нұсқасы емес, ол алдағы таңда әлі де талқыға салынады және сарапшылар қарауына беріледі. Қазір БАҚ беттерінде қандай да бір полемика беруге ерте. Сол себепті мен бұл сұраққа қазір жауап бермеймін,

– деді министр.

Сонымен қатар, министр аталмыш нормаға өлім жазасын қолдану енгізілмегендігін де атап өтті. Оның айтуынша, бұл жобада өлім жазасы болуы мүмкін емес.

Заң жобасы әу баста Әділет министрлігі порталына енгізілген болатын. Алайда кейін порталдан алынып тасталған. БАҚ өкілдері министрден бұның себебін сұрады.

— Бұл қалыпты техникалық жою. Бір нұсқа сайтқа салынады, кейін оны жаңа нұсқасына ауыстырады,

– деді М.Бекетаев.

Автор: Еркебұлан ШАЙЖАНОВ

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз