Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Елді дүр сілкіндірген сұмдық оқиғаға нүкте қойылды

Күллі Дубровое ауылын дүр сілкіндірген сұмдық оқиғаға бүгін соңғы нүкте қойылды. Бір жасқа да толмаған шақалақты отқа тастай салған әйелдің жүзіне қарамаған күйі 17 жыл жаза кескен судья, жауызды тезірек сот залынан алып кетуді бұйырды. Әрі баланы өртеп, жауыздығымен жұртты шошындырған Любовь Русалиева түрмеде ішімдіктен мәжбүрлі түрде емделеді деп шешілді. Осылайша, өгей немересін өртеп өлтірген әйел жазасын алды. Ал болған жағдайдан соң ауылдастарының бетіне тіке қараудан қалған қызы болса, өгей анасының түрмеден мүлде шықпауын тілеп отыр.

“Қызымнан садаға кетсін. Қалай ғана жаны ауырмай баланы отқа лақтырды десеңізші?! Жазасы дұрыс! Анамды ешқашан кешірмеймін! Шірісін түрмеде!” – дейді жәбірленуші Олеся Грудинская.

Любовь Русалиева қызы Олесяны шақалақ кезінде асырап алған екен. Оны өсіріп-жеткізгенімен, неге екені белгісіз, одан туған балаларға сол күйі бауыр баса алмаған. Туыстарының айтуынша, тіпті, қызы ажырасып келгенде балаларды жақтырмайтынын ашық көрсетіп жүріпті.

“Оның бұрын да қолына түскен затты өртеп жіберетін әдеті бар екен. Баланың емізігін, одан кейін фотоаппартты жоқ қылды. Сосын телефонды да отқа лақтырған. Бірақ баланы өртейді деп кім ойлаған? Әлі күнге дейін сенудің өзі қиын. Масқара, сұмдық дегеннен айтарға сөз жоқ!” – дейді сотталушының туысы Лариса Сургутская.

Бірақ, баланы пешке лақытарды деп ешкім ойламаған. Күллі жұрттың төбе шашын тік тұрғызған оқиға қарашада болған. Қызы мен 9 жасар немересін нанға жұмсаған әйел сұмдық қылмысқа барған. Яғни, бір жасқа да толмаған немересін лапылдаған отқа сала салған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз