Мемлекет басшысының үкімімен Иоган Меркель басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Ол ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Иоган Давидович Меркель Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды”, – делінген Ақорда сайтында.