Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Елбасының төрағалығымен “Нұр Отан” партиясы саяси кеңесінің отырысы өтіп жатыр

Жиынға Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысуда. «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысы тек Мемлекет басшысы-партия төрағасының немесе саяси бюроның шақыртуымен жылына бір рет ұйымдастырылады.

2017 жылы 3-қарашада өткен жиында Мемлекет басшысы партияны жүйелі түрде жаңғырту мәселелесін алдыңғы қатарға қойған еді.

Еске сала кетсек, өткен жылдың желтоқсанында саяси кеңес бюросының қаулысымен партияны жаңғыртудың нақты жоспары бекітілген болатын. Онда жеті бағыт бойынша шараларды іске асыру, атап айтқанда, партиялық кадрлармен жұмысты күшейту, жергілікті өкілдік органдарында партияның рөлін арттыру, оның жалпыұлттық күн тәртібін құруда белсенді түрде араласуын қамту, партиялық технологияларды жетілдіру, жастармен белсенді жұмыс жүргізу, аналитикалық әлеуетті өсіру мен партиялық білім сапасын арттыру қарастырылған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз