Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Елбасы Жамбыл облысынан кейін Алматыға ат басын тіреді (фото)

Мемлекет басшысына аудан орталығы ғимараттарын салуға отандық өндірушілердің құрылыс материалдары пайдаланылғаны туралы айтылды. Ауданда 2 жаңа мектеп, 3 емхана, 17 спорт және балалар алаңы салынған. Бұл нысандардың құрылысында қазақстандық қамту үлесі 95 пайызға жеткен. Мемлекеттік жеке әріптестік аясында 33 балабақша салынған.

Аудан халқы 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылды. Наурызбай ауданының әкімі Сайран Сәйфеденов Мемлекет басшысына аудан жетістіктері туралы баяндап берді. Атап айтқанда, салық түсімдерінің 11 есе, шағын және орта бизнес субьектілерінің 4 есе артқандығы және полиорталықтандыру саясаты аясында ауданның қарқынды дамып келе жатқандығы айтылды.

«Жаңа әкімшілік орталық ашылғалы бері барлық мемлекеттік қызмет бір жерде көрсетіледі. Жақын арада мұнда жаңа спорт және мәдениет нысандары бой көтереді. Тұрғын үй, балабақшалар салынады», – деді Сайран Сәйфеденов. Елбасы ауданның ардагерлер кеңесінің өкілдерімен әңгімелесті.

«Алматыда халық санының артуы қаланы кеңейтуді талап етеді. Осыдан үш жыл бұрын Наурызбай ауданын ашу туралы шешім қабылданған еді. Осы уақыт ішінде қалаға тән инфрақұрылымды дамыту жағынан көп іс атқарылды. Сондай-ақ, қаланың орталығымен жылдам байланыстыратын көлік қатынасын ұйымдастыру мәселесіне қатысты қажетті шаралар қабылданады», – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде ардагерлер кеңесінің мүшелері ауданның қарқынды дамуына демеу болғаны үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын білдірді.

Айта кету керек, ауданның жаңа әкімшілік орталығы биыл ашылды. Орталықта әкімдік, сот, прокуратура, ХҚКО, АХАЖ, Қазпошта, зейнетақы төлеу орталығы, Мемлекеттік кірістер, Әділет департаменттері орналасқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз