Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Елбасы Ұзақбай Қарамановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

167

Жеделхатта Қазақстан Президентінің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Қарамановтың дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

“Ұзақбай Қараманұлы бүкіл ғұмырын халқы мен туған елінің өсіп-өркендеуіне арнады. Ол өзінің зор ұйымдастырушылық қабілеті мен қоғамдағы беделінің арқасында көптеген жоғары лауазымды мемлекеттік қызметте болып, өзіне жүктелген міндеттердің барлығын абыроймен атқара білді”, – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы қазақстандықтар оның есімі мен ел алдындағы еңбегін әрдайым есте сақтайтынын атап өтті.

Ұзақбай Қараманов – еңбек жолын 1959 – 64 жылдары Шұбарқұдық автобазасында прораб қызметінен бастады. 1990-1992 жылдары Қазақ КСР премьер-министрі болған. 1991 жылдың қазан айынан 1995 жылға дейін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі болып қызмет атқарған.

1999 жылдың қазан айынан ҚР Парламенті Мәжілісі ІІ-шақырылымының депутаты, ал 2004 жылдың қазан айынан 2007 жылға дейін ҚР Парламенті Мәжілісі ІІІ-шақырылымының депутаты болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз