Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
“Қазақстан Президенті Вашингтон қаласына келді. Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездеседі”, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.