Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастың перспективаларын талқылап, бірқатар халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Түркия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келуге, сондай-ақ биылғы қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ислам Ынтымақтастық Ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне қатысуға ниетті екенін білдірді.