Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Елбасы Татарстанның тұңғыш президентіне көңіл айтты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Татарстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі Минтимер Шаймиевтің зайыбының қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

“Сіздің сенімді тірегіңіз, өмірлік серігіңіз және балаларыңыздың анасы Сәкина Шәкірқызының қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Сізге және отбасыңызға орны толмас қайғыға орай барша Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Сәкина Шәкірқызының жарқын бейнесі татарстандықтардың жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін”, – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, 16 қарашада таңертең Татарстанның тұңғыш президенті Минтимер Шаймиевтің жұбайы Сәкина Шаймиева ұзаққа созылған аурудан 80 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз