Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Таиланд королі Пхумипон Адульядеттің қайтыс болуына байланысты Таиланд Корольдігінің Премьер-министрі Прают Чан-Очаға көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жеделхатта Таиланд королінің қайтыс болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.
«Король Адульядетті парасатты басшы, мемлекеттеріміз арасында достық қатынастар орнауына және нығаюына ерекше үлес қосқан көрнекті тұлға ретінде қазақстандықтар әрдайым есте сақтайды», – деп жазылған көңіл айту жеделхатында.